Құрманғазы ауданында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 8 жағдайы тіркелді.
- Құрманғазыдан – 4, Бірліктен – 1, Алғадан – 3 жағдай тіркелді. Олар 1958, 1969 жылғы ер адамдар және 1994, 1996, 1965, 1992, 1956, 1990 жылы туған әйел адамдар. Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда, - дейді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Майра Жанғалиева.
Күні бүгін Құрманғазыда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 68 адам анықталды.
Күнделікті статистикалық ақпарат көрсеткендей, әлем бойынша қауіп төндіріп тұрған аты жаман індеттің көрсеткіші азаймай тұр. Сондықтан, аурудың алдын алып, санитарлық талаптарға ден қойған жөн.
А.Шакупова