Құрманғазыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты

(0 Votes)

Өңірімізде коронавирус таралуының алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар жайлы сөйлескенімізде аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров ахуал тұрақты екенін, қадағалауда ұсталып отырғанын жеткізді.

– Жұқпалы ауру анықталған жоқ. Қазір шекаралық аймақ «Котяев» автокөлік өткелінде санитарлық-карантиндік пункт ашылып, 6 қызметкер жұмыс жасауда. Мұнда шетелдерден келетін азаматтардың тепловизор арқылы дене қызуы қаралып, сауалнама жүргізіледі. Олар өздері жайлы ақпараттық мәліметтер алынғаннан кейін ғана өткізіледі. Күні бүгінге дейін бізде «А1» категориясына кіретін елдерден келгендер тіркелмеді. Ондай адамдар шекарадан өткізілуге жатпайды. Төтенше жағдай жарияланғанға дейін шетелге кеткен аудан тұрғындары кері өтуіне болады. Медициналық бақылауда ұсталып, коронавирус белгілері қызу, жөтел және басқалары болса дәрігерлер қарап, провизорлық госпитальға салады. Қазір аурудың таралауының алдын алу мақсатында аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде 15 орындық инфекциялық стационар, агроколледждің жатақханасында аурулармен байланыста болғандарды жатқызатын 30 төсектік провизорный орын, 30 орындық овсерватор дайындалды. Бәріне де жарияланған төтенше жағдайға байланысты қажетті құрал-жабдықтар бөлінді. Бүгінде медицина қызметкерлері аудан көлеміндегі тұрғындармен тікелей байланысатын мемлекеттік мекемелерді аралап, арнайы нұсқаулықтар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен коронавирус жөнінде семинар-кеңес өтіп, дертті анықтау жолдары, алда жасалатын жұмыстар жөнінде кең түсінік берілді. Жұмыстың күшейтілген түріне көшіп халық көп жиналатын орындарда, халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық пошта, телекоммуникация және басқаларында дүйсенбіден бастап дезинфикациялау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді Карл Халидоллаұлы.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева бізбен әңгімесінде аурухана карантин режимінде екенін, науқастарға сырттан ешкім кіргізілмейтінін жеткізді. Емхана барлық емделушілерге ашық, алайда егіс алу, флюрография, скрининг сияқты медициналық қызмет түрлеріне шектеу енгізілген.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT