Құрманғазыда екпе алу басталды

(1 Vote)

Құрманғазылықтар коронавирусқа қарсы екпе салдыра бастады.

vaktsina-rmanazy5

Бүгін түстен кейін аудандық емханаға Атырау қаласынан «Спутник-V» вакцинасының алғашқы 60 дозасы жеткізілді. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев, аудандық орталық аурухананың директоры Гүлсара Мүтиева, ауданның бас санитары Карл Отаров алғашқылардың бірі болып, вакцинациялаудан өтті.

vaktsina-rmanazy6

 

Жалпы, емханада вакцина салу үшін 4 кабинет жасақталған. Олардың барлығында профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізудің стандартты тәртібі бекітілген. Иммундау үшін медициналық мамандар арнайы курстан өткен.

vaktsina-rmanazy-7

Емханаға келген алғашқы екпе алушыларды дәрігер Ж.Менжанова қабылдап, олардың денсаулық жағдайын тексерді. Эпидемиологиялық анамнезін жинақтап, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімнің жоқтығына көз жеткізді. Ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы айтты. Мәселен, вакцина еккеннен соң жеңіл немесе орташа дәрежеде жағымсыз әсерлердің үш күн ішінде болуы қалыпты жағдай екені түсіндірілді. Екпе алып болған соң, Нұрлыбек Қалиев, Карл Отаров, Гүлсара Мүтиева 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болды.  

vaktsina-rmanazy3

vaktsina-rmanazy2

 -Мен бүгін ерікті түрде өзіме екпе салдырдым. Жағдайым жақсы, еш қобалжығаным жоқ. Дәрігер мамандар екпеден кейін ине салынған орынға су тигізбеуге және егу орнын жылы ұстауға кеңес берді. Мамандар кеңесіне сәйкес әрекет ететін боламын. Адамзат тарихындағы қызылша, тырысқақ, оба, безгек сияқты түрлі қауіпті ауруды жеңе алмағанмен, тежеуге болады. Оның жалғыз жолы – вакцинация. Әлемді жайлаған індеттің таралу деңгейін осылай ғана төмендетеміз. Сол себепті барша халықты коронавирустан қорғану үшін екпе салдыруға шақырамын, - деді Нұрлыбек Ғаділханұлы.  

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Нұрмұханбетқызы екпенің 0,5 миллилитр болатын бірінші компонентін алғанын, 21 күннен кейін бұл процесс тағы да қайталанатынын еске салды. Өйткені, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді, және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады. Сонымен қатар, бас дәрігер осы екі күн ішінде алғашқы лекпен келген 60 доза медицина қызметкерлеріне салынатынын жеткізді.

vaktsina-rmanazy1

Қазақстанда әзірге ресейлік «Спутник-V» преапараты қолданылуда. Ол жүкті әйелдерге, ауыр дәрежелі аллергиясы барларға, вакцина құрамындағы заттарға сезімталдығы жоғары жандарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жасқан асқандарға салынбайды. Мамандар тағы бірнеше дерті бар адамдарға абай болуды ескертеді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT