Құрманғазыда дезинфекциялау шаралары жүргізілді

(0 Votes)

Ауданымызда коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, қажетті жұмыстар күн сайын тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл бағытта Құрманғазы ауылдық округінің әкімдігі аудан орталығындағы мекемелерге залалсыздандыру шараларын ұйымдастырды.

ukj

Алғашқы жұмыстар банк, қазпошта, музей, емхана, мемлекеттік мекемелер, «Серпер», «Құралай» базарлары, азық-түлік дүкендер, жанар-жағар май бекеттері аумағында және басқа да тұрғындар көп шоғырланатын орындарда жүргізілді. Қызметшілер арнайы жуу құралдары мен дезинфекциялық ерітіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдалануда.

lbptyatrwbz-fpfh

«Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз» дейді мамандар. Осы мақсаттағы жұмыстар алдағы уақытта одан әрі ширай түсетін болады. Атқарылған істердің санитарлық талапқа сай болуы - аудан әкімдігі мен тиісті мемлекеттік құрылымдардың қатаң бақылауында.

img_9319

nopriep

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT