Құрманғазы ауданы аумағында (Ақкөл ауылдық округін қоспағанда) шектеу іс –шараларын жариялау туралы Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевичтің №5 қаулысы.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13 –тармағының 4 тармақшасына және 148 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 22 мамыр 2020 жылғы №37 «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» және 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыларын, Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30 мамыр 2020 жылғы №49 қаулысын басшылыққа алып, Республикалық мемлекеттік мекемесі Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының №158-191503 ережесіне сәйкес және Құрманғазы ауданында коронавирус инфекциясынан қолайсыз эпидемиологиялық ахуал қалыптасып, 43 аудан тұрғынынан коронавирус инфекциясына оң нәтиже анықталып, 1 адамның коронавирус инфекциясынан қайтыс болуына байланысты, ауданда коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2020 жылғы 10 маусым сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 24 маусым 07.00-ге дейін Құрманғазы ауданы аумағында (Ақкөл ауылдық округін қоспағанда) келесі шектеу шаралары енгізілсін: 1) Құрманғазы ауданының тұрғындарына (Ақкөл ауылдық округін қоспағанда) тұрғылықты жерінде сағат 23.00-ден – 06.00 дейін жүруі шектелсін;
2) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;
3) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде масқа тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;
4) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 200 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 60 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырсын;
5) ойын-сауық орталықтарының, тойханалардың қызметі тоқтатылсын;
6) кафе-барлар, асханалар жұмысына сағат 09.00-ден бастап 22.00-ге дейін 50 адамнан аспайтын қызмет көрсетуге рұқсат берілсін;
7) Азық-түлік дүкендерін жұмыс кестесі сағат 8.00-ден-22.00-ге дейін шектетілсін.
8) Аудан көлеміндегі барлық кәсіпкерлік нысандар қызметтері (азық-түлік, дәріханаларды қоспағанда) сағат 8.00-ден-17.00-ге дейін шектетілсін. Шағын салтанатты отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау, қаделер, еске алу үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдап өткізуге тыйым салынсын.
9) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі шектелсін.