Құрманғазыда COVID-19 індетінен 94 адам сауығып шықты

(0 Votes)

Қолымыздағы аудан әкімдігінен алған дерекке сүйенсек коронавирус індетін жұқтырғандардың жалпы саны аудан бойынша 110 адамды құрайды.

Оның 6-сы ауданымыз арқылы өтіп бара жатырғандар, 45-і Ақкөл, 36-сы Құрманғазы, 7-еуі Еңбекші, 6-сы Жаңаталап, 4-і Мақаш, 2-сі Қиғаш, бір-бірден Кудряшов, Бірлік, Шортанбай, Нұржау ауылдық округінің тұрғындары. Есепте тұрған дертке шалдыққан 16 адамның екеуі Атырау қаласына жіберілді, 2-сі провизорлық стационарда, 7-сі үйден оқшаулауда емделуде. Қазіргі күні 110 адамның ішінен 94-і жазылып шықты.

Олар Ақкөлден-38, Құрманғазыдан-31, Еңбекшіден-7, Жаңаталаптан-5, Мақаштан-3, Кудряшов, Қиғаш, Бірлік, Шортанбай ауылдық округтерінен бір-бірден және ауданымыздан өтіп бара жатқан 6 адам.

Әрине, бұлардың қатарына сырттан келгендер, COVID-19 індетін жұқтырды деген қауіппен оқшауланғандар да кіріп отыр.

Өкінішке орай қауіпті дертті жұқтырған 5 жерлесіміз дүниеден өтті. Бұл дерттен аман қалудың, өзімізге жақын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалғыз жолы – сақтық шараларына салғырт қарамау екенін тағы бір рет еске сала кеткеніміз артықтық етпес.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521