Құрманғазыда блок-бекеттер қойылады

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Құрманғазы ауданында шектеу кезінде қолданылатын шаралардың іске асыратын жедел штабы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің 04.07.2020 жылғы №52-ПГВР (озгерістер мен толықтырулармен) қаулысын орындау мақсатында сенбі және жексенбі күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салынуына байланысты Құрманғазы ауылынын келесі жерлеріне уақытша блок бекеттер қойылатындығы туралы хабарлайды:

1. Ауылдың батыс бөлігінде, «Құралай» ЖЖМБ бекеті жанында;

2. Ауылдың батыс-солтүстік бөлігінде, «Кресті» мөлтек аудандағы көпір;

3. Орталық көпір;

4. Ауылдың оңтүстік бөлігінде, «Бұзаусылан» мөлтек аудандағы көпір;

5. Ауылдың шығыс бөлігінде, «Самаркин» мөлтек аудандағы көпір;

6. Ауылдың шығыс бөлігінде, «№7 Өртке қарсы» мекеме жанында.

Осы шектеу тек жеке меншіктегі автокөліктерге қатысты.

Аудан өмірін қамтамасыз етіп отырған және үзіліссіз қызмет жағдайындағы мемлекеттік мекемелердің автокөліктері кедергісіз өтеді.

Сонымен қатар, ауданның әрбір округтерге өз аумақтары бойынша сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына тыйым салуды қамтамасыз ету бойынша тиісті іс-шаралар жүргізіледі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT