Құрманғазыда бас шыршаның шамы жағылды

(0 Votes)

Санаулы күндерден кейін Қоян жылы табалдырықтан аттайды. Жаңа жыл жақындаған сайын адамдардың да көңiл-күйi өзгереді. Келер жылға зор үмітпен қарайды.

Бәрi оны жақсы қарсылағысы келеді. Ал, Жаңа жыл десек көз алдымызға бiрден әсем безендірілген шырша елестейді. Себебі, оны бала кезден көрiп өстiк. Онсыз Жаңа жыл бола ма? Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің алдында зәулім шырша көз тартады.Бас шыршаның шамын Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса жақты.

Шырша жанына жиналған аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, отбастарына амандық, дендерiне саулық, толағай табыстар, елiмiзге бiрлiк пен береке тіледі. Келер жылы ризық-несiбемiз мол болсын деген ақ ниетiн жеткiздi. Шырша жанына Аяз ата мен Ақшақар келiп, кеш шырайын аша түсті.

Енді, бұл шыршаның шамдары қараңғы түнде жарқ-жұрқ етіп аудан орталығының сән-салтанатын асырып тұратын болады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT