Құрманғазыда Еуразиялық банк банкоматы орнатылды

(0 Votes)

Ауданымыздағы «Жұлдыз» бизнес орталығында Еуразиялық банктің банкоматы ашылып жатыр.

Банк өкілдерін қабылдаған аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Банкоматтар орнату жұмысы жыл басында басталған. Індет таралуына орай баяулап қалды. Жоспарлы жұмысты қазір жағдай тұрақтануына байланысты қайтадан қолға алдық. Аудан бойынша 49 елді мекен, 60 мыңдай халық бар. Солардың 30 мыңға жуығы банкоматтармен жұмыс жасайды. Бәрі аудан орталығына келеді. «Халық банктің» алдындағы үш банкоматтағы кезекті көрген боларсыздар. Үш банкомат халық сұранысын қанағаттандырып үлгермеуде. Сондықтан басқа да банктердікі болса артықтық етпейді. Алға қарай банкоматтарды Байда, Қиғаш ауылдық округтерінде де ашу керек. Болашақта үш округке біреуден орнатқан тиімді. Біздер қажетті мемлекеттік қызметтерді «egov» электронды порталы арқылы алуы қажеттігін қанша түсіндірсек те көп адамдар әлі ХҚКО-на барады. Сол сияқты адамдар ақша алу үшін банкоматқа келеді. Еуразиялық банктің банкоматтарын ауданымызда орнатуды ұйымдастырамыз, сіздер өз тараптарыңыздан оның дұрыс жұмыс жасауын, кезекке тұрушылар көбеймеуін, инкассация уақытымен болуын қамтамасыз етулеріңіз қажет, - деді.

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров те өз ұсынысын айтты.

i

Банк өкілдері оларды қаперге алды. Бізбен әңгімесінде «Еуразиялық банк» АҚ жалақы жобалары бағдарламаларын сату бөлімінің басшысы Евгений Шин: – Бүгінгі таңда Құрманғазы ауданында орнатылып жатқан банкомат келесі аптада пайдалануға беріледі. Індет жағдайында барлық сақтық шараларын ала отырып осы жұмысты жасап жатырмыз. Мүмкіндігінше тезірек аяқтауға тырысамыз. Сонымен қатар тұрғындар қазіргі жағдайда қашықтан жұмыс жасап қаржылық операцияларды арнайы бағдарламалармен орындауы үшін ақпараттандыруды жүргіземіз. Бұл өз денсаулықтарын сақтуына тиімді. Карталарымыз бар тұтынушылар жалақы жобасына ауыстырылады. Сол арқылы қажет болғанда жеңілдетілген несиелерге қол жеткізе алады. Банкомат әзірге таңертеңнен кешке дейін штаттық режімде жұмыс жасайды. Мектептерге, әкімдіктерге, аурухана қызметкерлеріне, басқа да біздің карталарымыз бар адамдарға қызмет көрсетеді. Тұтынушылар көбейіп жатса әрібір екі мың картаға жергілікті жерде банкомат орнатуға тырысамыз. Онлайн несие алушылар көбейген жағдайда біз мұнда шағын офисте ашамыз. Алға қарай осындай жоспарларымыз бар. Сондай-ақ Котяев елді мекенінде валюта ауыстыратын пункт ашуымыз да мүмкін. Әрине, мұның бәрі аспаннан түсе қалмайды, бәрін де біртіндеп, жергілікті жердегі сұранысты ескере отырып жүзеге асырамыз. Біз қашан да қарапайым халықтың жағдайын жақсартуға, қажетін өтеуге әзірміз. Басқа банктердің сервистік қызметіне көңілі толмайтындарға бізге қош келдіңіз дейміз. Өзге әріптестерімізге халыққа қызмет көрсетуде күш түссе оны бірлесіп шешеміз деген ойдамыз. Банкомат ашуды, төлемдер жасауды біздің Смартбанк қосымшамыз арқылы қашықтықтан жүзеге асыра аласыз. Онымен жұмыс жасауды үйретеміз, - деді.

img_2519

– Банкоматтан басқа банкілерге аударғанда 300 мың теңгеге дейін ешқандай комиссия ұстамайды. Бір күнде миллион теңгені есепшотыңызға түсіруге болады. Карточканы ашқаны үшін де ешқандай пайыздар ұсталмайтынын ескерейік. Тек айына 100 теңге ұстайтын СМС қызмет бар. Оны өшіріп тастасаңыз да өз еркіңіз. Бес жыл бойына картаны тегін пайдаланасыз. Сіздерде карточкамен төлейтін терминалдар болса солармен сауда жасау арқылы бонус жинауға мүмкіндік мол. Үйде отырып карточкаға бекітілген Смартбанк қосымшасы арқылы көрсетілетін коммуналдық қызметтердің ақысын төлей аласыз. Екі адамда біздің карточкамыз болса бір-біріне «Каспий голд» сияқты ақшаны тегін лақтырады. Басқа банктерге карточкадан ақша аударғанда 0,9 пайыз ұстайды, -дейді «Еуразиялық банк» АҚ өкілі Азиза Орынғалиева.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT