Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Тұңғыш Президент күніне орай 1,5 шақырымдық қашықтықта бұқаралық жүгіру ұйымдастырылды.
Оған ауданымыздың бірнеше мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Олар Боздақтар алаңынан аудандық денешынықтыру және сауықтыру кешеніне дейінгі аралықты жүгіріп өтті. Аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы Есбол Байдошев, қыздардан Гүлфайруз Қыдырғалиева бірінші болып мәре сызығын қиды.
Жарыс жеңімпаздарын марапаттау салтанатында аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы елдік мерекемен құттықтады. Мерекелік шараны Абай орта мектебінің мұғалімі Рүстем Тоқаев жүргізіп, аудан өнерпаздары Жалғас Сағындықов, Ермек Айсин, Гүлзада Кенжешова әсем әндер орындады.
А. Шакупова