Құрманғазыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

(0 Votes)

Аудан орталығында мерекеге орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Құрманғазылық шаруалар тұтынушыларға ет өнімдері, балық, басқа да тауарларды нарық бағасынан арзандатып ұсынды. Жәрмеңке барысында Сафон ауылдық округінің «Х.Темиров» шаруа қожалығы, «Құрманғазы СДО» ауылшаруашылық өндірістік копперативі сиыр, жылқы еттерін 1500 теңгемен саудаласа, «Бұйырғын» ӨК-нің құс еті 950 теңгеден сатылды. Жеке кәсіпкер А.Хабибулиннің «Құралай» нан-тағам комбинаты түрлі тәттілерін сөреге қойса, «Аманкелді» ЖШС әкелген кептірілген, ваккумдалған түрлі балық өнімдеріне тұрғындардың сұранысы жоғары болды.

ae692c9a-d6c8-4331-bf16-76ff547913c8

«Каспий балық», «Каспий таңы», «Тілекші» өндірістік кооперативтері сазан, жайын, шортан балықтарын салқындатылған күйде 700, 600 теңгеден босатты. Аудан әкімі Марат Мурзиев жәрмеңкеге келіп, тауарлардың бағаларына қызығушылық танытты.

eee42ebe-dbc1-49ed-8216-8a3c0475200b

«Осы жәрмеңкені арнайы күттік. Мұнда барлық қажетті өнімдер ұсынылған. Жәрмеңке көңілімізден шығып отыр. Тауар бағасы күннен-күнге қымбаттап жатқан шақта бұл жәрмеңкенің қарапайым халық үшін пайдасы үлкен. Себебі мұндағы кейбір тауар бағасы қара базардан әлдеқайда арзан екен. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жиі ұйымдастырылып тұрғанын қалаймын» дейді аудан тұрғыны Айзада Шарапиева.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521