Құрманғазыда асыл тұқымды малға субсидия берілді

(0 Votes)

Аудан экономикасының дамуының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы болып табылады. 2021 жылы өндірілген жалпы өнім көлемі 16 938,4 млн теңгені құрап 101,5%-ға орындалды.

Есепті кезеңде 12 824,5 тонна ет, 12 205,4 тонна сүт, 151,5 мың дана жұмыртқа өндіріліп, мүйізді ірі қара – 65 875; қой,ешкі – 182 026; жылқы-29236; түйе - 5049 басқа жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда төрт түлік мал басында өсім бар.

Жыл басынан бері 95 шаруашылық субъектілеріне сатып алған  88 бас асыл тұқымды бұқа мен қашарға 9,0 млн теңге субсидия, тұқымдық  түрлендіруге қатысып жатырған 5316 бас аналық мүйізді ірі қараға  және асыл тұқымды 749 аналық сиырға 64,3 млн теңге, 97 бас  сатып алынған асыл тұқымды қошқарға 1455,0 мың теңге тұқымдық түрлендіруге қатысып жатырған 7099 бас аналық қойға 70,7 млн теңге, барлығы 145,9 млн.теңге субсидия төленді.

Аудан бойынша 2021 жылы 795 гектар жерге егін егілді, оның ішінде  картоп - 398 гектар, көкөніс-185,  бақша- 72 гектар, сонымен қатар мал азықтық дақылдары 140 гектар, жиналған егіннен алынған өнім  9578 тоннаны құрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT