Құрманғазыда 9 ірі инвестициялық жоба жүзеге асады

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиевтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі Бюросының мәжілісі өтті.

Оған бюро мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары қатысты. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлауалды  бағдарламасындағы көрсеткіштерді жүзеге асыру бойынша аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров анықтама берді. – Аталмыш бағдарламада 7 бағыт, 15 мақсат, 92 іс-шара көзделген. 2021 жылдың І тоқсан қорытындысымен жоспарланған 92 іс-шараның орындалғаны – 13 (14%), орындалу үстінде – 58 (63%), орындалу уақыты болмаған – 21 (23%).

2021-2025 жылдар аралығында аудан бойынша 9 ірі инвестициялық жоба кезең-кезеңімен іске асырылады.

Алдағы бесжылдықта 5 мектептің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде: 2024 жылы – 3 мектеп (600 орындық Ломоносов орта мектебі, 600 орындық мектеп Ақкөл ауылында, 220 орындық мектеп Қиғаш ауылында), 2025 жылы – 2 білім ошағы (Кадырка ауылында 300 орындық және Амангелді ауылында 80 орындық мектеп).

2025 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі оқумен қамтамасыз ету мақсатында облыста 8 балабақшаның құрылысы жоспарлануда. Атап айтсақ, 2023 жылы –  4 балабақша (Хиуаз, Кудряшов, Бірлік, Орлы ауылдарында), 2024 жылы – 2 балабақша (Сүйіндік, Байда ауылдарында), 2025 жылы – 2 балабақша (Кадырка, Қиғаш ауылдарында) салынады деп күтілуде. 2025 жылға дейін аудан бойынша 6 білім беру ұйымдарына жалғама құрылысын жүргізу қарастырылуда.

Аталмыш мерзімге дейін Қиғаш, Арна, Қоңыртерек, Балқұдық ауылдарына 4 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынса, 2-еуіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалады.

Аудан бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 137,6 шақырым облыстық және аудандық автомобиль жолдарын жөндеу, 142,9 шақырым су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу, 1 кәріздік-тазарту имаратын салу жоспарланған. 2024-2025 жылдар аралығында Нұржау, Жұмекен, Сафон ауылдарына 3 спорт кешені салынады, - деді. Бюро мүшесі Бержан Кенжебаев Хиуаз ауылына салынатын клуб қай бағдарламаға енгеніне қызығушылық білдірді. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Э.Азатов мәдениет үйінің жобалық сметалық құжаттамасы аяқталғанын, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамаға жолданғанын қаперге берді. Тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы.

- Құрманғазы аудандық жол картасына келер болсақ, «Жастар Отанға-2025» бағдарламасының «Азаматтық белсенділік», «Сапалы білім», «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту», «Жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана», «Тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу» 5 бағыты барлығы 21 кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға жоспар жасалды. Жол картасының нақты көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін партия жанынан қоғамдық кеңестер құрылып, құрамы, жұмыс жоспары бекітіліп, бірінші ұйымдастыру отырысы өтті.

Жалпы алғанда, «Жастар Отанға» бағдарламасы өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүргізуге жаңа серпін мен қарқын береді, - деген аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Боранғалиев бағдарламаның іске асыру көрсеткіштерін жан-жақты саралады. Партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев кешенді іс шараның ішінде қай жылдарда нақты қандай жұмыстар атқарылатынын ашып жазуды ұсыныс етті.

Қаулыға сәйкес, «Nur Otan» партиясы Атырау облысы, Құрманғазы ауданының сайлауалды  бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» Құрманғазы ауданы бойынша 2021 жылғы көрсеткіштерінің орындалысы партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ө.Есенғазиевке, аудан бойынша «Жас Отан» жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол картасын» бақылау аудандық филиалдың Саяи кеңес Бюросына жүктелді.  

zhinalys-nrotan12

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521