Құрманғазыда 272 оқушы, 36 мұғалім компьютермен қамтылды

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, өңірдегі 26 жалпыға білім беретін орта мектеп, 4 негізгі, 3 бастауыш және 7 қосымша білім беру ұйымдарына дезинфекциялау құралдарын алу үшін 24 млн. көлемінде қаржы бөлінді.

Оған дезинфекциялдау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, термометрия алынды. 27 тамызға дейін білім беру ошақтарына бұл қажетті жабдықтар таратылады.

Күні бүгін 272 оқушыға компьютьер, ноутбук, планшет ұсынылды. 44 мұғалім компьютерді қажет етсе, 36 педагог бұл құрылғымен мектеп арқылы қамтылды. Облыстық білім беру басқармасынан 300 компьютер, 1584 ноутбук, 400 планшет бөлінді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT