Құрманғазыда 2480 тұрғын вакцина алды

(0 Votes)

Орталықтағы «Серпер» базары мен «Мерей», «Құралай» сауда үйлеріндегі кәсіпкерлермен вакцинация жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.  

Алғы сөз алған ауданымыздың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Карл Отаров  ауданымыз бойынша жыл басынан бері 382 адам короновирус індетімен ауырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, вакцинаның осы күнге дейінгі барлық індет атаулының бетін қайтарғанын, ел басына төнген тығырықтан шығар жол - вакцинация екендігін атап өтті. Өз кезегінде аудандық орталық аурухананың дәрігер-фтизиатры Озат Ахметқалиев екпе алудың ерікті түрде жүргізілетіндігін, ауданымызда ақпан айынан бастап 2480 тұрғын вакцинацияланғанын жеткізді. Көпшіліктің санасына ықпал етіп отырған әлеуметтік желілер арқылы тарап жатқан әртүрлі қауесеттерге көңіл бөлмеу керегін баса айтты. Аудандық кәсіпкерлер және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов әлемнің көптеген елдерінің вакцинаға мұқтаждығын, ал, елімізде қауіпті дерттің бетін қайтару жолында барлық мүмкіндіктер жасалып жатқанын алға тартты.

vaktsina-alandar-1

Маңызды ақпарат алған жиынға қатысушылардың пікірлері тыңдалып, сауалдарына жауап берілді.

rmanazylytar-vaktsina-aluda

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT