Құрманғазыда 24 маусымға дейін шектеу шаралары енгізілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағында (Ақкөл ауылдық округін қоспағанда) шектеу іс –шараларын жариялау туралы Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Утаров Карл Камидоллаевичтің №5 қаулысы.

1. 2020 жылғы 10 маусым сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 24 маусым 07.00-ге дейін Құрманғазы ауданы аумағында (Ақкөл ауылдық округін қоспағанда) келесі шектеу шаралары енгізілсін:

1) Құрманғазы ауданының тұрғындарына (Ақкөл ауылдық округін қоспағанда) тұрғылықты жерінде сағат 23.00-ден – 06.00 дейін жүруі шектелсін;

2) 18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;

3) тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде масқа тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолға жағуға арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;

4) балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 200 метрден аспайтын радиуста және ұзақтығы 60 минуттан аспайтын уақытта жүзеге асырсын;

5) ойын-сауық орталықтарының, тойханалардың қызметі тоқтатылсын;

6) кафе-барлар, асханалар жұмысына сағат 09.00-ден бастап 22.00-ге дейін 50 адамнан аспайтын қызмет көрсетуге рұқсат берілсін;

7) Азық-түлік дүкендерін жұмыс кестесі сағат 8.00-ден-22.00-ге дейін шектетілсін.

8) Аудан көлеміндегі барлық кәсіпкерлік нысандар қызметтері (азық-түлік, дәріханаларды қоспағанда) сағат 8.00-ден-17.00-ге дейін шектетілсін. Шағын салтанатты отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау, қаделер, еске алу үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдап өткізуге тыйым салынсын.

9) меншік түріне қарамастан балабақшалардың қызметі шектелсін.

2.Ауылдық округ әкімдеріне:

1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;

2) қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тратуарларды, саябақтарды, алаңдарды, аула алаңдарын, ірі сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейту;

3) кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4) қызмет көрсететін үйлердің тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;

5) жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды көзге түсетін хабарлама тақталарына және басқа жерлерге орналастырсын;

6) кіре берістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалаудың күніне кеміне 2 рет жүргізуін қамтамасыз етсін.

3.Аудандық полиция бөлімі бастығына:

1) шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде, өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;

2) отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қоюға;

3) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдау және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтату;

4) инфекциялық және карантиндік--, провизорлық ауруханаларында адамдарды оқшаулау және қорғау, қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау;

5) аудандық мобилдік топ мүшелерімен бірлесіп, рейдтік шаралар ұйымдастырылсын.

4.Аудандық орталық аурухана басшысына:

1) стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға;

2) медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді;

3) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

4) медициналық персоналдардың іс әрекеттерін қарау тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш маскалерімен немесе респираторларымен резинке қолғаптарымен қамтамасыз ету;

5. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, Құрманғазы аудандық Халық банк бөлімшесі, аудандық Казпочта, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

1) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

2) ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

3) жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;

4) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш маскаларымен, қорғаныш көзілдіріктермен және резинке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) келушілердің нысандарға тек медициналық маскамен жіберуге;

6) дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

7) кассаға дейінгі 2 метр сыртына қосымша қоршаулар орнатуға;

8) кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құруға.

6.Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысына округ әкімдерімен бірлесіп:

1) коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша Құрманғазы ауданы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөніндегі жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарды жүргізуді, әлеуметтік желілер арқылы таратуды қамтамасыз етсін.

7. Ауданның тыныс тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар) аудандық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:

1) аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

2) су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету:

3) қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (маскалармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау.

8. Мемлекеттік органдардың ұйымдардың кәсіпкерлік субьектілерінің үкіметтік емес ұйымдардың басшыларына:

1) мәдени–бұқаралық, спорттық, діни және басқа да мерекелік іс шаралар өткізуге тыйым салу;

2) халық арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша үй карантинін сақтауға және ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақытылы қарау қажеттілігіне баса назар аудара отырып санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту.

9.Аудандық ветеринарлық станция басшысына:

1) дезинфекциялық жұмыстардың талапқа сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету.

10.Құрманғазы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы :

1) карантиндегі стацинонарлар мен обьектілерде санитариялық дезинфекциялау режимінің сақталуын бақылауды күшейту;

2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын обьектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс шаралардың орындалуын бақылау.

11. Осы қаулы барлық мүдделі ведмостваларға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.

12.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

13.Осы қаулының орындалуын өзіме қалдырамын.

14.Осы ҚАУЛЫ қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

К.Утаров,

Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT