Құрманғазыда 2297 адам жұмыссыз ретінде тіркелген

(0 Votes)

Жұмыспен қамту орталығына 2657 адам жүгініп, оның 2297 жұмыссыз ретінде тіркелді. Жыл ішінде жұмыспен қамту шараларымен қамтылғандары – 2234 адам.Тіркелген  жұмыссыздар саны – 1453 адам, жұмыссыздық деңгейі 4% құрады. 2248 жаңа жұмыс орны ашылды, 878 тұрақты, 1370 уақытша.

«Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімдік қайта даярлау оқуларына мамыр айынан бастап 55 адам оқуға жіберіліп оқытылды.

Екінші бағыты бойынша 73 адам 42588,2 мың теңге мемлекеттік грант алып, кәсіптерін ашты. Олардың 70 жеке кәсіпкер болып тіркелді,   3 біріңғай жиынтық төлем төлеп отыр.

35 адам 141710,0 мың теңге көлемінде несие алып, кәсіптерін ашып отыр.Бастау бизнес курсына күні бүгін 150 адам жолдамамен онлайн түрде курстан өтіп, сертификаттарын алды.

 Үшінші бағыты:

  • әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша 31 адам, жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 94 адам, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша 1245 адам қамтылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT