Құрманғазыда 14 жасқа дейінгі 6 баладан COVID-19 анықталды

(0 Votes)

Ауданымыздың бас санитарлық дәрігері Карл Отаровтың хабарлауынша, Құрманғазыда COVID-19 індетін жұқтырған 43 адамның ішінде 14 жасқа дейінгі 6 бала тіркелді.

Ауруға шалдыққандардың 65%-ы симптомсыз жағдайда анықталып, олар дереу үй карантиніне алынған. Клиникалық белгілері білінген науқастардың 40%-ы провизорлық стационарға оқшауланған.

Күні бүгін дертке шалдыққандардың жағдайы қанағаттанарлық, ауруы асқынып, жағдайы нашарлаған науқас жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT