Құрманғазыда 1 кәсіпкер қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағында төтенше жағдайларға байланысты Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай, жүргізілген рейдтік шаралар кезінде карантиндік шектеу режимін бұзған 2 жеке кәсіпкер анықталды:

1) 06.04.2020 жылы «Бәйтерек» құрылыс дүкенінің иесі жеке кәсіпкер «И.А» карантиндік және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды( Үш тәулікке қамаққа алынды).

2) 06.04.2020 жылы «Дария» сауда орталығының иесі жеке кәсіпкер «М.Қ» карантиндік және басқа да міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарын сақтамағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 476 бабының 6 бөлігімен  әкімшілік жауапкершілікке тартылды (26 510 тенге айыппұл салынды).

Төтенше жағдай кезінде Құрманғазы ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен белгіленген карантандік және шектеу шараларын бұзған жағдайда, Сізге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығыңызды Аудандық полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ.

Аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT