«Құрманғазы» өндірістік кооперативі жылына 260 миллион теңгенің өнімін өндіріп отыр

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы Дыңғызыл ауылдық округінде орналасқан, аудандағы ірі мекеменің бірі - «Құрманғазы» өндірістік кооперативі алғашқыда төрт түлік малды өсіріп, халықты жұмыспен қамтыса, бүгінде «Асыл тұқымды еділбай қойын өсіретін зауыт және асыл тұқымды қазақтың айыр өркешті түйесін өсіретін кооператив» атағына ие болып отыр. Бұл туралы Құрманғазы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кооператив құрманғазылық Харес Биляшовтың бастамасымен 1998 жылы «Құрманғазы» атындағы өндірістік кооперативі болып құрылған болатын. Кейін селекциялық асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылдың 19 наурызындағы бұйрығымен өндірістік кооперативке «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» мәртебесі берілді.

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Сабыржан Сұлтанов ұжымға басшылық етіп отыр. Сонымен қатар Дыңғызыл ауылдық округінде орналасқан «Құрманғазы» ӨК-ге қарасты мал сою пункті де ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

- Кооператив мамандары шопан, малшы-механизаторларымен бірлесе отырып атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өндірістік кооперативтегі мал саны 24 жыл ішінде 12 мың қойға, 319 түйеге, 120 жылқыға жетті. Сонымен қатар, кооператив еділбай қойының бір түрін өсірумен шектеліп қалған жоқ. Будандастыру жолымен ақ жүнді құйрықты қойларды шығару жүзеге асырылды. Осылайша, ақ жүнді «Аққарабас» қой тұқымы пайда болды. Көп жылдар бойы бір мақсатта жүргізілген селекциялық-асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде шөл және шөлейт аймақтар жағдайында өсіруге аса жақсы бейімделген, әрі жеткілікті деңгейдегі жоғары ет және жүн өнімдерін беретін құйрықты қойлардың өзіндік ақ жүнді түрі шығарылды, деді басқарма төрағасы Сабыржан Сұлтанов.

Оның айтуынша, өндірістік кооперативте жыл сайын орта есеппен 240-260 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, 10-12 миллион таза табыс табуда. Мал дәрігерлік іс-шаралары он екі ай бойы жүргізілсе, ет, шұбат өнімдері ауданда жоғары сұранысқа ие. Биыл кооператив 100 аналықтан 92 қозы, 100 түйеден 52 бота, 100 биеден 95 құлын алған. Күні бүгін шаруашылықта 10 мың бас еділбай тұқымды қой, 310 бас қазақтың айыр өркешті түйесі, 110 бас Жабы жылқысы бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521