Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 1 - 10 шілде аралығында өткен #ҚҰРМАНҒАЗЫДОМБЫРАДЫБЫСЫ онлайн байқауына қатысқан жастар марапатталды.
Бұл байқаудың шартында,біз әдейі жастарды жігерлендіру үшін лүпіл (лайк) мен пікір (коментарий) арқылы анықтаймыз деген болатынбыз. Домбыра өнерін арнайы оқу орындарында оқыған жас пен мектеп оқушысын салыстырып, жарыстырып қоюды біз дұрыс деп есептемейміз.
Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған шараға белсене қатысқан қарындастарымызбен бауырларымызға алғыс хат пен сыйлықтар табыс еттік. Белгілі себеппен марапаттауға келе алмаған жастардың ата-аналарын шақыртып, ол кісілерге де өз алғыстарымызды білдірдік.
Қыдырсихова Тоғжан мен Жасқайратқызы Айгерім белгілі себептермен марапатқа келе алмауына байланысты, алғыс хат пен сыйлықтары міндетті түрде табыс етілетін болады.
Құрманғазы жастар ресурстық орталығы