Құрманғазы базарларында баға ұшынып тұр

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанынан құрылған азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізу тобы «Мерей», «Адай» сауда үйінде, «Серпер» базарындағы жеке кәсіпкер Самат Айдарәлиевтің көтерме сауда дүкенінде болып азық-түлік бағасымен танысты. Айта кетер жайт, бұған дейін аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі 25-ші шілде күні бағаға мониторинг жүргізген екен. Азық-түліктегі өсімді сол деректермен салыстыра отырып келтіргенді жөн көрдік (жақша ішінде бағадағы өзгеріс).

«Мерей» сауда үйінде бірінші сортты бидай ұны келісі 214 (-24), бидайдан жасалған нан 130(+10), рожки 390(+30), қарақұмық 720, күріш 500, картоп 200 (+40), сәбіз 270 (+20), пияз 330 (+80), қырыққабат 150 (+30), қант 750, өсімдік майы 770 (+80), сиыр еті 2200, құс еті 1450 (+150), қораптағы сүт 350(+20), айран 500(+120), сары май 2000, он дана жұмыртқа 400 (+70), ас тұзы 80, сүзбе 700 теңгемен тұр.

617f7a62-068f-42ce-843e-6c03d5f79611

Келесі кезекте Самаркин ауылындағы «Адай» дүкенінде болдық. Мұнда бірінші сортты бидай ұны келісі 300(+62), бидайдан жасалған нан 130(+10), рожки 390(+30), қарақұмық 720, күріш 500, картоп 190(+30), сәбіз 270(+20), пияз 260(+10), қырыққабат 150(+30), қант 720(+30), өсімдік майы 760(+70), құс еті 1350(+50), қораптағы сүт 360(-10), айран 480 (+100), сары май 1520,он жұмыртқа 350(+20), ас тұзы 85(+5) теңгемен қойылған. Сөрелерде бағасын неге көрсетіп қоймағанын сұрап едік, дүкен иесі соңғы келген тауарларға әлі үлгере алмай жатқанын жеткізді.

«Серпер» базарындағы жеке кәсіпкер Самат Айдарәлиевтің көтерме дүкенінде бірінші сортты бидай ұны келісі 220 (-18), рожки 400(+40), қарақұмық 650 (+150), күріш 480(+110), картоп 200 (+40), сәбіз 250, пияз 270(+20), қырыққабат 150 (+30),өсімдік майы 680(-10), сиыр еті1900(-300), айран 320 (-60), сары май 1100 (+200), он жұмыртқа 350(+20),ас тұзы 80 теңгемен сатылуда.

Жалпы алғанда бағада өсім бар. Көріп отырсыздар пияз, картоп, өсімдік майы, құс еті, сарымай, айран сияқты азық-түлік түрлері «Мерей», «Адай» сауда орындарында біраз жоғарылаған.

 

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT