Құрманғазы ауылындағы әкімдік жөндеуді қажет етеді

(0 Votes)

«AMANAT» партиясы аудандық филиалының қоғамдық-партиялық мониторингтік тобы партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының 84 және 85-ші тармақтарының орындалысын қадағалау шеңберінде ауданның білім беру ұйымдарында, халыққа қызмет көрсету нысандарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуы үшін инфрақұрылымын бейімдеудің барысын тексеруді бастады.

Алдымен ауыл тұрғындары жиі бас сұғатын Еңбекші ауылдық округі ғимаратында болды. Шынын айту керек, өте ескіде салынған әкімдік үйінің қазіргі күйі мүгедектігі бар адам түгілі он екі мүшесі саулар үшін де кіріп-шығуы қиындық туғызатын жағдайда екен. Округ әкімі міндетін атқарушы Мейрамбек Өтеуғалиев құрылыс бөлімі мамандарының зерделеуінен соң аталған инфрақұрылымдық бейімдеу бойынша   қажеттті 10 миллион теңгенің үстіндегі қаражатқа бюджеттің өтінім беріліп қойғандығын айтты. Бір қарағанда қымбаттау көрінгенімен бұл жұмыстардың ішіне кіреберістегі есікті кеңейтуден бастап, едендерді тегістеп дұрыстау, табалдырықтан өтуді қолайлы жасау сияқты біраз істер атқарылуға тура келетінін қаперледі. Топ мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев бұйымтайы болып келген мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуы бағытындағы инфрақұрылымдық бейімдеуге қажетті қаржыны қалайда алуға жұмыстануды тапсырды.

116f76d9-1b45-40ea-aeeb-a443377dcfe4

Келесі бас сұққан нысанымыз – Еңбекші жалпы орта мектебінде алдағы оқу жылына дайындық бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатқаны байқалды. Мектеп директорының міндетін атқарушы Клара Ермұқанова мүгедектігі бар балалар үшін инклюзивтік кабинеттің жасақталып қойғандығын, іштегі әжетханада талапқа сай жабдықталған орын барын, тактильді ескертпе жолақтары орнатылу үстінде екенін, кіреберісте жүруге қолайлы пандус бұрыннан барын назарға берді. Топ құрамындағы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рүстем Нәсибуллаев мұндағы жұмыстарға көңілі толатындығын білдіріп,  ауданда осындай бейімдеу жұмыстары жүргізілетін қаралған екеуінен басқа тағы 14 нысан барын айтып өтті.

 

Айбек НӘЖІМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521