Құрманғазы ауданының полицейлері екі елдің азаматтығымен жүрген тағы бір жанды анықтады

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының полиция қызметкерлері көршілес Ресейден келген "қонақтың" қос мемлекеттің азаматтығына ие болып жүргенін әшкереледі. 1999 жылы отбасылық жағдайына байланысты Ресей Федерациясына көшіп кеткен жерлесіміз, 2000 жылы сол елдің азаматтығын қабылдайды, бірақ бұл туралы тиісті орындарға хабарламаған.

РФ-ның және ҚР-ның төлқұжаттарымен жүрген бұл азаматқа қатысты Құрманғазы ауданы полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 496 бабының 2 бөлігінде көзделген" шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау" бойынша әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған құжаттар Құрманғазы аудандық сотына жолданып, бұл азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл салынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521