Құрманғазы ауданының дамуы

(0 Votes)

"Nur Otan" партиясының негізгі бағыты - тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту.

COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізді, жұмыспен қамту және халықтың табысы саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретті. Біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін жұмысшылар ең көп зардап шекті: даяршылар, жүк тиеушілер, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалары. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызға өсіп отыр.

"Nur Otan" партиясы әр адам өзіне және өз отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ұқпал ететін болады. Ол үшін шағын және орта кәсіпкерлікті, туризм және ауыл шаруашылығын дамытуға және өнімдер шығаратын жаңа өндірістер ашуға баса назар аударылатын болады.

"Nur Otan" партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT