Құрманғазы ауданындағы орта мектептер директорлары NIS-тің жұмыс тобымен кездесті

(0 Votes)

Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы NIS жұмыс тобының қосымша пункті ауыл мектептері директорларымен кездесуі болды.

– Біз 17 тірек мектеп жобасы аясында Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова бастаған NIS делегациясының келетінін білгенде, бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, табысқа жеткен әріптестерімізбен жүздесуді жөн көрдік, – дейді Құрмағазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Кубаева.

Директорлар Сафонов ауылындағы Қадыр Мырза Али атындағы білім беру ошағының Атырау облысы бойынша тірек мектеп ретінде таңдалғанына риза. Олар қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған жобаның өз өңірінде іске асуын асыға күтуде.

Жоспардан тыс педагогикалық кеңес отырысында Зияткерлік мектептер өкілдерімен әр мұғалім үшін ең басты тақырыптар – сабақты зерттеу және жоспарлау, педагогтерді тұрақты кәсіптік оқыту, ата-аналармен ынтымақтастық, цифрлық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT