Мемлекет басшысы 2022 жыл - "Балалар жылы" деп жариялады.
«Балалар жылы» аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, отбасылық және адамгершілік-рухани құндылықтарды насихаттау, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларына үйрету мақсатында ағымдағы жылдың 11-15 сәуір аралығында облыс аумағында «Мен және менің полицейім» республикалық акциясы өткізілуде.
-Бұл акцияның мақсаты балалар мен ересектерді полицияның жұмысымен таныстыру. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады.
Құрманғазы ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесі патрульдік полиция қызметкерлері шара барысында Құрманғазы ауданы, М.В.Ломоносова орта мектебінің оқушыларына "Полицей - дос және қорғаушы" тақырыбында әңгімелесулер жүргізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.