Құрманғазы ауданында екі ауылдық округ жарықсыз отыр

(0 Votes)

9 наурыз күнгі сағат 13.00-дегі жағдай бойынша, Атырау облысы Құрманғазы ауданының 2 ауылдық округі жарықсыз қалып отыр, деп хабарлайды Aтырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі таңда ауданда 1390 абонент электр энергиясына қосылмаған. Олар Құрманғазы ауданының Бірлік және Көптоғай ауылдық округтері.

- Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары "Атырау Жарық" АҚ күшімен жүргізілуде. Оқиға орнында 11 бригада, 56 қызметкер және 20 бірлік техника жұмыс істеуде, - делінген Құрманғазы ауданы әкімдігі таратқан мәліметте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT