Құрманғазы ауданына пойыз шығарылады

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің басшысы Тұрғали Жұмашов Еңбекшідегі көпірдің үстінде ойық барын жеткізіп, жол-көлік апаты орын алмас үшін соны жөндеу қажеттігін алға тартты.

Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның төрағасы, аудан әкімі Қайрат Нұртаев оны көлік жүрісі саябырсығанда, алдын ала ескерту беріп жүзеге асыруды ұсынды. Аудан прокуроры Магилан Рахимов түсті металл сатушыларда лицензия болуы керектігін еске салды. Келесі кезекте пәтерлерді заңсыз жалға беру фактілері талқыланды. Аудан әкімі Қ.Нұртаев мұның ауданда ақсап тұрған мәселе екенін жеткізіп, құзырлы органдарға рейдтер ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар такси бағасы шарықтап тұрғандықтан, Атырау қаласы мен аудандағы Ақкөл ауылы аралығына арнайы пойыз шығару мәселесі қаралып жатқанынан хабардар етті. Апатты жағдайдағы қос қабатты үйлермен жұмыстарды жүйелендіру қажеттігіне тоқталды. Көп айтылып жүрген «Серпер» базарының алдында көлік кептелісін болдырмау мақсатында арнайы белгі қойып, автокөліктердің оның шығыс жағынан шығып кетуін ұйымдастыруды аудандық полиция бөліміне жүктеді. Пәтерлерді жалдау турасында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Насипов түсінік берді.

Сондай-ақ комиссия отырысы барысында Теңіз, Құрманғазы, Кудряшов ауылдық округтерінің әкімдері Анарбек Баймұханов, Абдуррахман Муса, Сақтапберген Ертелеуовтің қылмыспен күрес бағытында атқарылып жатырған жұмыстарға қатысты қысқаша ақпараттары тыңдалды.

Қанат ҒҰМАРОВ

Фото ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521