Құрманғазы ауданына 400 планшет берілді

(0 Votes)

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңесесі құрылғаннан бері біраз жұмыстар тындырып отыр. Облысымызда республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер, ноутбуктердің бөлінуіне, мектептерге жеткізілуіне қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Өздеріңізге мәлім биыл пандемияға байланысты елімізде 2020-2021 оқу жылы екі түрлі форматта ұйымдастырылды. Қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі компьютерлер аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілген еді.

Жаңа оқу жылында облыс мектептерін жаңа компьютерлік техникалармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 2 млрд.866 мың, облыстық бюджеттен 555 млн. бөлінді. Соның нәтижесінде Атырау қаласына 15697 ноутбук, 1926 компьютер, 2499 планшет жеткізілуде. 18 қыркүйектен бастап облысқа 2499 планшет келіп жетіп, оның 500-і қала мектептеріне үлестірілді. Ал, 21 қыркүйекте Мақат ауданына -206, Махамбет ауданына-273, Исатай ауданына-240 планшет таратылды. 22 қыркүйекте Жылыой ауданына-400, Индер ауданына-240, Құрманғазы ауданына-400, Қызылқоға ауданына -240 планшет жіберілді. Тағы да 1926 компьютер, 15697 ноутбук қыркүйек айының аяғына дейін оқушыларға таратылатын болады.

«Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521