Құрманғазы ауданы тұрғындары назарына!

(6 Votes)

Ағымдағы жылдың алты айында Құрманғазы ауданына қарасты республикалық маңызы бар Ақтөбе-Астрахань тас жолында 7 жолкөлік оқиғасы тіркелген.

Барлық жол көлік оқиғалары адам тасымалдаумен айналысатын тұлғалармен жасалған яғни қозғалыс ережелерінің талаптарын сақтамағандықтан болған. Соның салдарынан 12 адам әртүрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылса оқиға орнында 3 адам қаза болған.

img-20210716-wa0006

Автокөлікпен жолғашығарда сақтық шараларын қолдану қажет және қасындағы жолаушының өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бір ғана қателік (асығыстықтан) үлкен зардаптарға әкеліп соғатын ескерген жөн.

img-20210716-wa0007

Қазақстан Республикасының жол қозғалысының ережесінің 22.1 тармағында : Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолымен, сондай-ақ он жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады деп көрсетілген. Сол себептен оң жақтан басқарылатын шетел автокөліктерімен такси қызметімен айналысуға қатаң тыйымсалынады. Заңды такси қызметімен айналысу үшін алдымен тиісті өкілетті органға тіркеліп патент алу керек, автокөліктің басқару жүйесі сол жағында болу керек және жолаушылардың алдында тасымалдаушының жауапкершілігін сақтандыру шартын міндетті түрде жасалуы керек. Заңсыз такси қызметімен айналысатын жүргізушілерге Құрманғазы аудандық полиция бөлімі қатаң ескертеді.

Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз хабарлама жібермей такси қәсіпкерлігімен айналысқан жүргізушілер анықталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып. Жинақталған іс-құжат сотқа жолданып 43755 теңге айыппұл салынып жауапкершілікке тартылатындарыңызды қаперлеріңізге береміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521