Құрманғазы ауданы полиция бөлімінің басшысы есеп берді

(0 Votes)

Ауданымызда ғаламтор арқылы қулығын іске асырып отырған интернет-алаяқтар қатары көбейіп барады. Былтырғы жылы оның  7 фактісі тіркелсе, 2021 жылдың екі айы ішінде 6 қылмыс орын алған. 

Оның алдын алу мақсатында полиция бөлімі тарапынан облыс аумағындағы барлық  деңгейдегі  банктерге өз клиенттерінің ұялы телефон нөмірлеріне интернет желісі  арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстарынан сақ болу туралы смс хабарламалар жолдау туралы ұсыныстар берілді. 

Аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Тұрғали Жұмашев пандемия жағдайына байланысты онлайн форматта өткен тұрғындар алдындағы есеп беру жиналысында осы мәселеге кеңірек тоқталды. Кездесу қашықтан жүргізілгенімен көпшіліктің көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік жасалды.

  • Жалпы, аудан аумағындағы жедел жағдай тұрақты. Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар 16,4 пайызға, соның ішінде қылмыс 10,8 пайызға өскені байқалады.

Оның өсу себебі яғни өз күшімізбен бірнеше латенттық қылмыстар анықталуы орын алған. Масаң күйде автокөлікті басқару - 10, есірткі құралдарын тұтыну - 5, жалған құжаттарды дайындау немесе өткізу -12, балық ресурстарын заңсыз аулау – 7, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрын аулау – 5 фактісі анықталды. 2020 жылы 1 адам өлтіру фактісіне жол берілді. Күдікті ұсталып, ісі сотқа жолданды. Бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған мәселенің бірі – ұрлық. Былтырғы жылы 74 қылмыс тіркелді. Оның 12 – і мал ұрлығы. Қазіргі кезде мал ұрлығының басты проблемалық мәселесі – түліктердің қараусыз, ұйымдастырылмай бағылуы. Талдауға сәкес, аталмыш қылмыстың  4- еуі дер кезінде ашылып, 8-нің 5-еуі немесе 62,5 пайызы жайылымдардан ұрланған, - дей келе, Тұрғали Тұрғамбайұлы әкімшілік және жергілікті полиция қызметтерімен анықталған құқық бұзушылықтар, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар, аудан аумағында тіркелген жол-көлік оқиғасы, заңсыз балық аулау, көші-қон саласы бойынша жан-жақты мәліметтен хабардар етті.  

А.Шакупова

Жалғасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT