Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

(0 Votes)

Аудан әкімі Марат Мурзиев бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға өткен ішкі конкурстың қорытынды мәжілісінің хаттамасы негізінде және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 15 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» ҚР Заңының 33 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, 2022 жылғы 5 қазандағы №332-Ө өкіммен Хасанов Марат Измұханұлын аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындады.

87ae36f4-aff6-4e55-ba62-2307b17c53e8

Бұл туралы аудан активімен өткен жиында мәлімдеп, жаңа лауазым иесінің өмірбаянымен қысқаша таныстырды. М.Хасанов 1988 жылы 30 қыркүйекте Дыңғызыл ауылдық округінде дүниеге келген.

Ұлты–қазақ. Білімі–жоғары. 2015 жылы Батыс Қазақстан инжинерлік-гуманитарлық университетін «құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2007 жылы «West секюрити» ЖШС күзетшісі болып бастап, 2009-2011 жылдары Құрманғазы өндірістік кооперативінде агроном-бригадир, кадр қызметі, 2012-2016 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінде геодезист, инструктор, бас маман, 2016-2018 жылдары аудандық құрылыс бөлімінде бас маман, 2018-2021 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2021 жылдың қазан айынан бастап, қазіргі кезге дейін аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымында. Отбасылы.

Марат Ізмұханұлының ұйымдастырушылық қабілеті жоғары екендігіне тоқталып, біліктілігі мен білімі осы қызметті атқаруға толықтай жететіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ, алда жетекшілік ететін құрылыс нысандары, энергетика, елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, көгілдір отынмен, ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмылдыру даярлығы және төтенше жағдайлар мен қысқа дайындық жөніндегі мәселелерді үйлестіру бағытында жұмыс тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтіп, жауапты ісіне тезірек кірісуді тапсырды.

 

А.Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT