Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

(3 Votes)
Аудан әкімінің 2021жылғы 2 сәуірдегі №111-ө өкімімен 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Қайрат Қуандықұлы Булеков тағайындалды.
 
Кайрат Куандыкұлы Булеков 1989 жылы 7 мамырда Атырау қаласында дүниеге келген, ұлты казақ, екi жоғары бiлiмi бар. 2010 жыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару, 2016 жыл Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құқықтану факультетiн бiтiрдi.
 
2010–2011 жылдары «Атырау облысының халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінде инспектор болып еңбек жолын бастады.
 
2011-2013 жылдары Атырау облысы бойынша «ХҚКО» РМК филиалының Құрманғазы аудандық бөлімінде филиал жетекшісі, бөлім басшысының міндетін атқарушы, бөлімнің реттеу залының бастығы болды.
 
2013-2016 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалының Құрманғазы аудандық бөлімінің басшысы.
 
2016-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» Атырау облысы бойынша филиалы Құрманғазы аудандық филиалдың басшысы болды.
 
2019-2020 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ Атырау облысы бойынша филиалының жер қатынастары және жылжымайтын мүлік бойынша Құрманғазы аудандық бөлімінде бөлім басшысының міндетін атқарды.
 
2020 жылдың 3 шілдесінен бастап күні бүгінге дейін Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округі әкімі лауазымын атқарды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521