Құрманғазы ауданы көлемінде «Жолда қабылдау» акциясы өтеді

(0 Votes)

Ағымдағы жылдың мамыр айының 21-22 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өтеді. 

Құрманғазы ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Н.Құбашев, патрульдік полиция тобы, ювеналдық полиция, учаскелік инспекторлардың жұмысын, айыппұлдарды тексеру, жол техникалық қызметіне қатысты (жол белгілерін орнату) көші-қон қызметіне қатысты, сіздерді толғандырған сауалдарға Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің ғимаратында және сағат 12:00-13:00, 18:00-19:00 online режимінде Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің парақшасында тікелей эфирде қабылдау өтеді.

Акциянын мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

Мекен-жайы: Құрманғазы ауылы, Зоя Жәнібекова 23

Тұрғындардың назарына: Акция барысында барлық медициналық сақтық шараларын сақтауларыңыз сұралады (бетперде мен қолғап кию міндетті).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT