Құрманғазы ауданы бойынша коронавирус инфекциясы туралы ахуал

(0 Votes)

Дүние жүзін шарпыған індет бізді де айналып өтпеді. Құрманғазы ауданы Қазақстан Республикасының шекарасының батыс қақпасында орналасқандықтан, мемлекетаралық шекарадан бүкіл әлем бойынша транспорттық, туристік және т.б. қатынас түрлері аудан үстімен өткізіледі.

Сондықтан коронавирус инфекциясына байланысты карантин жарияланғаннан бері Котяев санитарлық өткізу пункті ашылып, ол бойынша 4 ай ішінде 18 000 адам өтіп, 261 адам карантиндік және провизорлық бөлімшеге жатқызылып шығарылды. Олардың ішінен ең бірінші болып коронавирусқа оң нәтиже беріп тіркелген Түркістан облысының 5 және Ақтау қаласының 1 азаматы. Шекарада халықаралық тасымалдаушыларды бақылайтын зертхана ашылып онда 339 тест қаралып, 1 оң нәтиже алынды.

Құрманғазы ауданында COVID-19 жұқпасына дайындыққа байланысты Құрманғазы ауылындағы агроколледж ғимаратынан 30 провизорлық, 30 карантиндік төсектік бөлімшелер ашылды. Оларға 320 адам жатқызылды. Оның 85-і провизорда, 235-і карантиндік бөлімде. Бірақ коронавирус инфекциясының, соның ішінде стационарлық емес пневмония жағдайлары тұрғындар арасында көптеп тіркеліп, агроколледж ғимараты санитарлық талаптарға сай болмай, науқастар сыймауына байланысты 2020 жылдың 24 маусымынан бастап Жұмекен ауылында орналасқан облыстық ересектерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы жабылып, орнына 30 төсектік провизор, 30 төсектік карантиндік орындар көшіріліп, косымша 20 төсек инфекциялық бөлімше ашылды. Бұған дейін КВИ-ға байланысты бөлімшелер Атырау облыстық №2 ауруханаға қарап келген болса, 1 шілдеден бастап аудандық аурухана бөлімшелері болып ауыстырылды.

Бүгінгі күні науқастардың түсу бағытына карай 50 төсектік провизор, 10 төсектік карантиндік орын және 30 төсектік инфекциялық бөлімше барлығы 90 төсектік стационар болып ашылып жұмыс жасап жатыр. Қазіргі күні инфекциялық бөлімшеде 23, провизор бөлімінде 39, карантин бөлімшесінде 9 науқас емделуде. Бұл жерде 8 дәрігер, 30 орта буын медицина кызметкері, 60 басқа кызметкерлер ( тазалықшы, оператор, аспаз, күзетші, кір жуушы.т.б) жұмыс жасауда. Лаборатория, рентген,тамақтандыру барлығы сол жерде ұйымдастырылды. Жалпы аудан бойынша 112 коронавирус жұқтырғандар тіркеліп, 92-і сауығу себепті есептен шығарылып, 8-і қазіргі уақытта үй жағдайындағы карантинде, 5 науқас Атырау қаласында емделуде. 5 адам КВИ-дан қайтыс болып отыр. Олардың 5-нің де анализі КВИ-ға оң нәтиже көрсетті.

Ауылдық округ бойынша бөлетін болсақ, төмендегідей мәлімет беруге болады. Құрманғазы-37, Жұмекен-7, Шортанбай-1, Ақкөл-45, Хиуаз-6, Кудряшов-1, Кигаш-2, Утера-1, Нұржау-1, Жыланды -1,Алға-4, Актау қаласы -1, Туркістан облысы-5.

Есептен шығарылған 92 науқастар Құрманғазы-28, Шортанбай-1. Жұмекен -7, Хиуаз -5, Ақкөл-38, алға-4, Утера-1, Кудряшов-1, Қиғаш-1, Туркістан-5 адам.

Коронавирус эпидемиясы басталғаннан бастап, аудан бойынша 1229 полимеразды тізбектік реакциясына анализі тапсырылып, 110 оң нәтиже алынды. Оның ішінде 31 медицина қызметкерлері бар.

Теңіз кен орнынан 354 адам келіп, барлығы да үй карантин жағдайында болып, қазіргі күні есептен шығарылды. Осы індет кезінде Құрманғазы қоғамдық қоры арқылы демеушілікпен 600 мың теңгенің дәрі- дәрмегі, 84 мың шприц алынып берілді.

Г.Мүтиева,

аудандық орталық аурухананың бас дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521