Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.
Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады. Енгізілген жаңашылдық сервиспен жұмысты айтарлықтай дәрежеде жеңілдетті.
Артықшылықтары:
- eGov mobile арқылы ЭЦҚ алу;
- Компьютерде ЭЦҚ қажеттілігініңболмауы (тұрақсыз NCALayer арқылы қол қою мәселесі шешілуде);
- Мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажетіжоқ;
- Мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою.
Халықты «Сот кабинеті» сервисіндегі жаңалықтармен танысуға шақырады.