Құрманғазы аудандық аумақтық референдум комиссиясының баспасөз-релизі

(0 Votes)

Республикалық референдумды ұйымдастыру ҚР Орталық референдум комиссиясының бекіткен календарлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда .

Ауданда 1 аумақтық, 36 учаскелік референдум комиссиялары, оларда барлығы 233 комиссия мүшелері бар. Ауданның 36 референдум учаскелерінің 22сі мектепте, 12сі мәдениет үйінде, 2 балабақшада орналасқан. Ауданда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 34935 азамат тіркелген.

Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар мерзімінде атқарылды. Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды.  Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.

Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді. Аталған құқықты іске асыру үшін референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар, интернет-ресурстар ұйымдастырылды.

Ақпараттық ресурстарда:  https://www.gov.kz/referendum, https://referendum.gov.kz/; https://referendum2022.gov.kz/, http://sailau.atyrau.gov.kz/  азаматтарды тізімнен іздеу бойынша қызметі енгізілді. Аталған мақсатта арнайы Telegrambot @sailauAtyrauBot ашылды. Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін біріңғай 109 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылуда.

Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген (урналар, кабиналар, оргқұралдар, сейфтер, компьютерлер, телефондар, т.б.). Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды. 36 референдум учаскелерінде пандустар бар.

Барлық учаскелер тактильдік белгілер, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілді. Ауданда 2 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтындардың дауыс беруін ұйымдастыру үшін шаралар қабылданды. Бұл жұмыстарға 3 учаскелік комиссиялар тартылады.  Облыстық референдум комиссиясымен қажетті санда дауыс беруге арналған бюллетеньдер дайындалды және олармен учаскелік комиссияларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, учаскелік комиссиялардың дауыс беру күні қорытынды шығаруы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары, тренингтер ұйымдастырылды. Учаскелердің референдумды өткізу күніне дайындығы бойынша барлық шаралар алынып жатыр. Дауыс беру үй—жайлары дауыс беруді өткізуге толықтай дайын.    

Аудандық аумақтық референдум комиссиясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT