"Құрманғазы-Атырау" жолаушылар пойызын жүргізу тамыз айына жоспарланып отыр

(5 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімдігінің Телеграм чатына қалаға қатынаудың қиындығы, арнайы пойыз шығару мәселесі жиі көтерілуде.

Әртүрлі шаруасымен қалаға баратын жолаушы жанын шүберекке түйіп амалсыз таксиге отыруға мәжбүр. Жол апаты да жиілеп кетті. Осыған қатысты аудан әкімінің кеңесшісі Наурызбай Бисенғалиев былай деп жауап берді.

-Облысішілік Атырау-Д.Нұрпейісова бағытына теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін тасымалдаушыны анықтау мақсатында Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан үстіміздегі жылдың 13 шілдесінде ашық конкурс өткізілетіндігі жөнінде хабарлама берілді.Конкурсқа қатысуға қызығушылық танытқан 5 мекеменің құжаттары қабылданды. Қолданыстағы заңдылықтар аясында үстіміздегі жылдың 13 шілдесінен бастап мекемелердің ұсынған құжаттарының жиынтық балын яғни жеңімпазды анықтау үшін конкурстық комиссияның отырысы өтеді. Хаттама жасақталып жеңімпаз аяқталған соң Басқармамен мердігер мекеме арасында келісім-шарт жасақталады. Жолаушылар пойызын жүргізу тамыз айына жоспарланып отыр. 

Сурет ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521