Құрманғазы аруы – 2022

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде дәстүрлі «Құрманғазы аруы – 2022» арулар байқауы өтті.  

Нәзік жандылардың инабатын танытатын сайысқа әр округтен 16 мен 25 жас аралығындағы 10 сайыскер қатысты. Аталған конкурс үш бөлімнен, яғни, «Таныстыру және өнер» қатысушы туралы бейнеролик пен өнерін ұсыну, «Дефиле – 2022» қазақи және заманауи киім мен кешкі көйлек үлгісі, отандық не әлемдік әйел жұлдыздардың бейнесін көрсету, «Зияткерлік бөлім» ақылы мен ой ұшқырлығы сыналатын этаптардан құрылды.

aru

m

miss3

Бірінен бірі озған арулар додасының нәтижесінде дыңғызылдық Ләйлә Қабдіжанова «Құрманғазы аруы-2022» атанып, тәж киді. Ал, жүлделі І орындыАқжарқын Тілекқабылова, ІІ орынды Гауһар Мажеденова, ІІІ орынды Ақтілек Абайқызы мен Айдана Мұратова иемденді. Қалған қатысушылар «Алғыс хатпен» марапатталды.

m

m

m

m

m

m

 

 

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT