Ұрлыққа жол бермеу өз қолыңызда

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі бастығының 2020 жылғы 19 қазандағы №11 бұйрығы бойынша ауданы көлемінде «Пәтер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілуде.

Аталған шара пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатын көздейді. Пәтер ұрлығына талдау жүргізгенде, ашылмай тұрған пәтер ұрлығына байланысты қылмыстық істердің көбі жеке күзет құрылымының аудан көлемінде әлі нақты бір орталыққа бірікпеуінен екені мәлім болды. Сондай-ақ көп қабатты пәтерлерде домофон жүйесінің орнатылмауы, үйлердің кіре берістерінде бейнебақылау камерасының болмауы да ұрлықтың көбеюіне себепкер болуда. Осы орайда пәтер ұрлығының алдын-алу және аудан көлемінде пәтерлерді, үйлерді, жеке меншік нысандарды арнайы күзет мекемесіне берудің тиімділігі ескертіледі. Сондай-ақ, жеке үйлер мен мекемелердің, көп қабатты пәтерлердің кіреберістерінде бейнебақылау жүйесін, домофон жүйесін орнатуды қолға алу қаперге беріледі. Ұрлықшы үйіңізді тонап, жеке мүлкіңізді үптеп кетпесін десеңіз жоғарыда айтқанымыз ойыңызда жүрсін!

Т.ЖҰМАШЕВ,

Құрманғазы АПБ-нің бастығы, полиция полковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521