Әркім ойына келгенін жасаса...

(0 Votes)

Күн тәртібіне сай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша хабарлама жасады.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Эскиздерге қарасаң бәрі тамаша. Алайда салынған тұрғын үйлерде оларда көрсетілген талаптар сақталмайды. Осыдан орталық көшелердің келбеті қандай екенін көріп отырмыз. Құрылыс салса абаттандырмайды. Сондай адамдарға эскиз бойынша жұмысты орындамаса келісім бермеу қажет. Әр тұрғын өз ойына келгенін жасай берсе, ауылымыздың сәні кетеді. Көшелер түзу болмай шығады. Мұны бақылауды ұстаңыздар. Боздақтар ескерткіші жанында букмекерлік кеңсе бар. Сырты түсіп жатыр. Қадыр ауылындағы қос қабатты үш үй де қорымға қарсы тұр. Алға қарай бейіттер көрінбейтіндей етіп алдына тал егу керек шығар, - деп сол жердегі тұрғындар үшін балабақша, мектеп, дүкен салу бас жоспарда бар-жоғын сұрады. Болашақта бұл жерде барлығы 9 қос қабатты үй, яғни 540 адам болатындықтан осыларды ескеру керектігін жеткізді.

i

Сонымен қатар аудандық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Эдуард Азатовқа округ әкімімен бірлесіп аудан орталығының сәнін кетіріп тұрған ескі клуб ғимаратын жою жөнінде шаралар алуға тапсырма берді. Комиссия мүшесі Әсел Дарғожина тұрғын үйлердің сырты әктелмей, қоршауы жасалмай тұрып келісімге қол қоймау қажеттігін алға тартты.

Қ.Ғұмаров

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT