Ұлық мерекеге орай "Өркен" балабақшасында ,,Тəуелсіз елдің бақытты ұрпағымыз" атты тəрбие сағаты ұйымдастырылды.
Мақсаты - балаларға Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру, Отанға, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту, туған жері мен елін сүюге баулу. ,,Айгөлек" ,, Боташым" топтарында жүзеге асқан шараны тәрбиешілер Р.Алипова, А.Атамбекова, Р.Галиева, Ө.Туменбаева ұйымдастырды. Балабақша балдырғандары әннен шашу шашып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.