Ризашылық – мейірім бастауы

(0 Votes)

Осындай тақырыппен көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Еліміздегі тыныштық пен үндестікті, өзара сенім мен құрметті шыңдай түскен бұл күнмен жиналғандарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров құттықтап, жылы лебізін білдірді. - Қазақ елінің тарихында қиын-қыстау тар замандардың көп болғаны тарихтан белгілі. Сол кезеңдерде елімізге келген әртүрлі ұлт пен этнос өкілдерін халқымыз өз бауырындай қарсы алып, шаңырағынан орын берді. Қазірдің өзінде кең байтақ мемлекетімізде 130-дан астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Жалпы, жылына бір рет барша қазақстандық осы өмірде жер басып жүргеніміз үшін, ұрпағымыз алдыңғы толқын көрген тақсыретті көрмей өсіп жатқаны үшін, таңымыз уайымсыз атқаны үшін алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын. Сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, алдағы күндеріңізге сәттілік тілеймін, -деді.

img_0396

img_0400

Одан әрі Жандос Мнафихұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін түрлі сала ардагерлері мен қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

img_5899

Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің Құрманғазы ауданы бойынша төрайымы Ақтілек Хамитова мерекелік лебізін білдірсе, С.Имашев атындағы жалпы орта мектептің қызметкері Андриан Ижерский түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына шынайы ризашылығын жеткізді.

alys-ajtu1

img_0415

Салтанатты жиын соңы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

img_0417

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT