Биылғы жыл редакциямыз үшін бірқатар қуаныштар сыйлап жатыр. Қаңтар айында 6710 данамен табалдырықтан аттады, қазір таралымымыз 6751 дана. Айдың ортасында Тауман Амандосов атындағы Атырау облысы әкімінің сыйлығын табыстау рәсімінде "Үздік аймақтық редакция-2020" аталымын иелендік. Енді міне ақпан айы да қуантып отыр.
"Атырау-Ақпарат" медиасеріктестігі ай сайын шығармашылықпен шыңдай түсу мақсатында ұйымдастырып отырған үш аталымнан тұратын байқауда қаңтар айының қорытындысымен екі қызметкеріміздің еңбектері "Үздік мақала" және "Үздік дизайнер " аталымдарына, 30 мыңнан ынталандыру сыйлығына қол жеткізді. Мұны шағын ұжымымыздың мерейін көтеріп тастаған ортақ жеңісіміз, шығармашылық серпін сыйлар жақсы жаңалық ретінде қабылдадық. Марапатқа ие болған әріптестерімізді құттықтаймын! Еңбегімізді елеп жатқан медиасеріктестіктегі басшыларымызға шексіз ризашылығымызды білдіре отырып, алға қарай да оқырман көңілінен шыға беруге жұмыстанамыз.
А.Шакупова