Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2020 жыл 23 желтоқсандағы № 6.5 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Атырау облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы, аймақта осы тақырыпта жазатын журналистер арасында «Кәсіподақтың үздік бастауыш ұйымы» атты байқау жариялаған болатын.
Байқаудың негізгі мақсаты – Атырау облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағы ұйымдарының мәртебесін арттырып, беделін көтеруде, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі бастауыш ұйымдардың қызметін күшейту. Білім беру мекемелерінде бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттырып, кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту, кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін насихаттау, байқау шараларына кәсіподақтың жаңа мүшелерін, жастарды тарту, белсенділікті ынталандыру және салалық кәсіподақтың ақпараттық-насихаттау жұмысын жетілдіру және педагогикалық еңбекті насихаттау, кәсіподақ ұйымдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсету еді.
Сайысқа осы тақырыпта қалам тербеп жүрген журналистермен қатар білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, педагогтар қатысты. Барлығы 30-ға жуық жұмыс түсті.
Жүлдеден ешкімде құр алақан қалған жоқ. Қазылар алқасы шешімімен «Бас жүлде» республиканың кез-келген шипажайына берілетін тегін жолдаманы газетіміздің редакторы Айнагүл Шакупова иемденді.
Ал, үшінші орынды «Үздік кәсіподақ тілшісі» атты атағын газетіміздің тілшісі Еркеназ Қалижан иемденді.