Әріптесіміз – «Шаңырақтың» жүлдегері

(0 Votes)

«Арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» 20-ға жуық журналистің ішінен серперлік Айнагүл Күнұзаққызы үздіктер қатарынан көрінді.

Ол облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен журналистикадағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі ІІ-орын және 80 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Ағымдағы жылдың 1-қарашасына дейін Атырау облысының журналистері арасында көпұлтты Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің озық үлгілерін ілгерілетіп, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында дәстүрлі «Шаңырақ» творчестволық сайысы өткізілген болатын.

0c41610c-76aa-4fac-bf3c-92fd2c2528b6

Есте болса, 2017 жылы аталған конкурстың Бас жүлдесін иемденген Айнагүл Шакупова бұл жолы да редакция үмітін олқы соқтырмады. «Шаңыраққа» таласқан, журналистиканың «жілігін шағып, майын ішкен» күллі Атырау халқына танымал төртінші билік өкілдерінің арасынан, Бас редакторымыз оқ бойы озық шығып, алғашқы үштіктің сапынан табылуы – Серпердің мерейін үстеткен ортақ жетістік.

 

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT