Республикалық сайыстан алтынмен оралды

(0 Votes)

Жерлесіміз, жас спортшы Диас Айбекұлы 19-22 сәуір аралығында Павлодар қаласында 2007-2009 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында белбеу күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі І орынды иеленіп, алтын медаль тағып, Ташкент қаласында болатын әлем чемпионатына жолдама алды.

Еліміздің әр өңірінен келген спортшылардың арасынан суырылып шығып, жүлделі орыннан көрініп отыр. Жеңіс оңайлықпен келмейді, бұл төккен тер мен жақсы дайындықтың нәтижесі.

Бүгінде Диас Атырау қаласындағы «Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің» спорт факультетінің 2 курс студенті.

Бұған дейін де түрлі додаларда жүлделі орындар алып, ауылымыздың ғана емес ауданымыздың, облысымыздың мерейін асқақтатып жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521