М.Ломоносов атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы Тасқалиева Айнара Серікқалиқызы жалпы білім беретін пәндер бойынша ауыл олимпиадасына Республикалық олимпиададан жүлделі орын иеленді.
М.Ломоносов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Тасқалиева Айнара Серікқалиқызы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ауыл олимпиадасына қатысып, оның аудандық, Атырау облыстық білім басқармасы мен «DARYN ATYRAU» орталығы ұйымдастырған облыстық кезеңдерінде «орыс тілі мен әдебиетінен» жүлделі І орынды иеленіп, республикалық кезеңінде ІІ орынды иеленіп отыр.
Айнара бұған дейін де осындай сайыстарға қатысып, бағын сынап жүр.
Алғаш рет 2018 жылы М.Ломоносов атындағы орта мектепте өткен орыс тілі олимпиадасында ІІІ орын алған болатын. Одан кейінгі 2022-2024 жылдар аралығында жасөспірімдер олимпиадасының аудандық, облыстық кезеңдерінде, басқа да жарыстарда жүлделі орындар иеленіп, мерейі өсті. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, осының өзі бұл оқушыны дайындаған жетекшісі, пән мұғалімі, білікті ұстаз Дина Мукушеваның еңбегінің текке кетпегені. Биыл қаңтар, мамыр айларында Айнара Тасқалиева аудан әкімі Абат Жанғалиевтің Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп қабырғасында жүрген жас дарындар - еліміздің ертеңі. Сондықтан олардың бағын ашып, жұлдызын жарқырата түсер сайыстардың берері көп.
Өз тілшіміз