Республикалық олимпиадада топ жарды

(0 Votes)

Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебі бойынша 9-11 сыныптар оқушылары арасында «Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін республикалық пәндік олимпиаданың» екінші кезеңінде мектебіміздің 9 оқушысы жеңімпаз атанып, Астана қаласында өткен республикалық олимпиаданың үшінші кезіңіне жолдама алды.

Осы орайда оқушылар мен ұстаздарға қолдау көрсете білген Құрманғазы АБББ басшысы Еділ Гариполлаұлына және Атырау білім беру беру басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығының директоры Руслан Курмангалиұлына мектеп ұжымы және ата-аналар атынан ризашылығымызды білдіреміз.

Білім додасында өз білімі мен күшіне сенген, жеңістің биік тұғырынан көрінген шәкіртеріміз Ерсайнова Альбина, Музафар Олжас, Нұрдаулетұлы Биньямин, Абдрахман Аружан, Ищан Досмухаммед, Махмутов Даулет, Имангалиева Анель сертификатпен марапатталса, жүлделі орындармен Насухова Динара – 3 орын - қазақ сыныбындағы орыс тілі пәні. (жетекшісі Шапхатова Гульжибек Сиражевна) Салахиденова Акниет – 3 орын – биология пәні(жетекшісі Куатова Индира Аяпбергенқызы) «Білімді мыңды жығар», дегендей, білімнің биік шыңында біліктілігімен, озық ойымен, талап-танымымен танылған жеңімпаз шәкіртерімізді әлі талай белестерді бағындыратындығына сенімдеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT